Алматыда электрлі самокатпен саябақтарда және қоғамдық орындарда жүру тыйым салынады

Алматы қаласының әкімдігі мен электрлі самокаттарды жалға беретін операторлар мегаполисте құрал қолданысын реттеу мақсатында ынтамақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес енді самокаттарды 16 жастан асқан азаматтар ғана жалға ала алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Меморандум аясында электрлі самокаттармен жаяу жүргіншілерге арналған көшелерде, саябақтарда және бұқаралық іс-шаралар өтетін қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады. Қала аумағында электрлі самокаттардың жылдамдығы – 25 км/сағ болып бекітілді.

Сондай-ақ электрлі самокаттарды тек 16 жасқа толған тұлғалар ғана жалға ала алады. Операторлар метро мен қоғамдық орындардың кіреберісінде, көгалда, көлік және жаяу жүргіншілер жолағында қалдырылған электрлі самокаттардың бірден арнайы орындарға жеткізілуін қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін қалада электрлі самокаттарға арналған тұрақ аумақтары ұйымдастырылады.

Келесі жылдың соңына дейін электрлі самокаттарға арналған 3 000 тұрақ орнын ұйымдастыру жоспарда. Сондай-ақ тараптар сервис жұмысын қыс мезгілінде ауа райына байланысты жүргізудің нақты шарттарын белгіледі. Мысалы, 15 желтоқсаннан 20 ақпанға дейін орташа ауа температурасы 2 градустан төмендеген жағдайда жалға беру аумағы қысқарады әрі электрлі самокаттардың 10%-ы ғана жалға беріледі.

Аталған меморандум шарттарында көрсетілген барлық пунктерді жүзеге асыру нәтижесінде электрлі самокаттардың қолданысын реттеу, қауіпсіздік деңгейін арттыру, тиісті инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы, микромобильді көліктің, оның ішінде электрлі самокаттардың дамуы қоршаған ортаны ластау деңгейі мен жеке көлікпен жүру жиілігін төмендетуге әсер ететіндігі, бұл өз кезегінде, қала көшелерінің жүктемесін төмендетуге де ықпал ететіндігі аталып өтті.

Күн сайын қалада электрлі самокаттармен 100 мыңға жуық қозғалыс қамтамасыз етіледі. Айта кетсек, электрлі самокаттар Алматы қаласында 2018 жылы 100 данадан бастап жалға беріле бастады. Қазіргі кезде қалада 4 компания (Ozim, Jet, Eleven, Whoosh) 15 мың самокатты жалға беру қызметін ұсынады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста