Алматыда екі қара түсті "Гелендваген" мен "Шевроле" арасындағы ерегес видеоға түсіп қалды

Алматыда екі "Гелендваген" мен "Шевроле" арасындағы ерегес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда, бұл Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған. Екі "Гелендваген" алдымен ақ "Шевроленің" артында сол жақ жолақпен келе жатқаны көрінеді. Содан кейін олар алдындағы көлікке жол беру үшін фараларымен белгі бере бастайды. Бір кезде "Гелендваген" жүргізушілері "Шевроле" көлігін алдынан, бүйірінен қысып, қозғалыста қиындық тудырады.

Қалалық ПД "Гелендвагендегі" құқықбұзушыларды тапты. Көліктерді 33 және 30 жастағы жүргізушілер тізгіндеген.

"Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Mercedes-benz G63 AMG көліктері жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты: 1990 жылы туған азамат К.-ға ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 1993 жылы туған азамат Қ.-ға қатысты – ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, олармен жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді полицейлер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста