Алматыда екі оқушы бір аптадан бері табылмай жатыр

Алматыда 7 ақпанда екі оқушы жоғалып кетті. Еріктілер мен полиция оларды іздеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

7 ақпанда 14 жастағы екі бала Алматының Бостандық ауданындағы № 63 мектептен (Әбіш Кекілбайбайұлы көшесі, 88) шығып, үйлеріне оралмаған. 

Еріктілер бұған дейін жасөспірімдердің бірінің жоғалғаны туралы хабарландыру жариялаған болатын. 14 жастағы балалар бір аптадан бері табылмай жатыр. 

"Іздеу жалғасуда. Полиция ешқандай ақпарат берген жоқ. Балалар ашық жерге барады. 7 ақпанда олар мектептен бірге шығып, досының туған күніне барған. Сол уақыттан бастап олар үйге оралмады. Еріктілер іздеуге көмектесуде. Оларды қалада көргендер көп екенін, ашық жүргендерін, неге оларды әлі таба алмай жатқандарын түсінбейміз", - деді жасөспірімдердің бірінің анасы Динара Төбеева. 

Алматы полициясы Бостандық ауданының полиция басқармасымен бірге іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Жасөспірімдерді іздеуге қылмыстық және ювеналды полиция бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта балалардың орналасқан жерін анықтауға және оларды үйлеріне қайтаруға бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жұмыс нұсқаларының бірі бойынша балаларда бәрі жақсы, олар тірі",-деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің орналасқан жері туралы білетіндердің барлығы көрсетілген телефондардарға қоңырау щалып,  полицияға жүгіне алады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста