Алматыда дін қызметкерлері республикалық сынақтан өтеді
Республикалық аттестаттау үш күнге жалғасады
Алматыда дін қызметкерлерінің республикалық кезекті аттестаттауы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһардағы 54 мешітте қызмет ететін имамдар мен ұстаздар сараптау комиссиясының сынағынан өтеді.
«Сынақ барысында дін қызметкерлеріне қырағат, тәжуид, ақида, фиқһ, Ислам тарихы салалары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылды. Дін қызметкерлерінің білімін сараптап, біліктілігін бағалау үшін ҚМДБ қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері қосымша тапсырмалар беріп, мешіт ережесі, концептуалды құжаттар, басқа да әкімшілік сауалдар арқылы біліктілік деңгейін анықтайтын болады», - деп хабарлады Алматы орталық мешіті.
Айта кетейік, Алматы қаласының дін қызметкерлерінің білімін сараптауға арналған республикалық аттестаттау үш күнге жалғасады.