Алматыда балабақшада балаларды оқтаумен ұрған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады

Алматыдағы балабақшалардың бірінде балаларды шашынан жұлып, оқтаумен ұрған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Алматы полиция департаменті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған Б. есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда Жетісу ауданды полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Алматыда балабақшалардың бірінде қатыгез тәрбиешінің балаларға қол көтерген бейнежазбасы таралған болатын. Видеодан оның балаларды құлағынан тартып, оқтаумен ұрғанын байқауға болады. Тәрбиеші сондай-ақ кішкентай қыздардың шашынан жұлқылап, тыныштандырады.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаған. 

Тәрбиеші  ата-аналар отырған чатқа байқамай бейнежазбаны өзі салып жіберген.

"Тәрбиеші балаға "идиот" деп айтып жатқанын видеодан көрдік. Бәрі содан басталған. Содан кейін ата-аналардың бірі баламның ауызы уылды, аузына тұз тыққан деп жазды. Баланы қылқындырып, аузына тұз салғанына дейін камерадан көрініп тұр", –  деген ата-ана.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста