Алматыда алқабилер досын өлтірді деп айыпталған жасөспірім ақтады

Алматыда досын өлтіргені үшін айыпталған жасөспірім ақталды. Қылмыстық іс мамандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, кәмелетке толмаған екі достың арасында қарызға байланысты жанжал туындаған. Арты төбелеске ұласқан. Сол кезде сотталушы досын аяқкиімінің бауымен тұншықтырып өлтірген. Сосын банк картасын ұрлап, дүкенде 28 000 теңгесін жұмсаған.

 

Жасөспірім қамауға алынғаннан кейін өз кінәсін мойындады. Басқа айғақтар да болды. Атап айтқанда, кроссовка бауында сотталушының ДНҚ іздері табылды. Төлем картасымен сатып алынған затардың құжаты болған.

 

Сот кезінде прокурор жасөспірімді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Бас кезінде оған қысым жасалғанын айтты.

 

Қылмыс кезінде ойын алаңында жүргенін және оны басқа балалар көргенін жеткізді. Куәгерлер оның ойын алаңында бірге болғанын растады.

 

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші банк картасын өзі бұрын беріп қойғанын жеткізді. Алқабилер жасырын дауыс берді.

 

Нәтижесінде жасөспірім кісі өлтіру және ұрлық үшін кінәлі емес деп танылды. Олар сотталушының қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтар жоқ деген шешімге келді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушыға қысым жасалғаны туралы мәлімет расталмады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста