Алматыда әлемге әйгілі нейрохирург эпилепсияның аса ауыр түрімен ауыратын балаларға ота жасады

Алматыда  №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында эпилепсияның аса күрделі түрімен ауыратын балаларға алғаш рет операциялар жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Алматы қаласының № 2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында әлемге әйгілі нейрохирург, германиялық профессор Ульрих Томаленің қатысуымен балалар нейрохирургиясы бойынша «Дәріге төзімді эпилепсиямен ауыратын балалардағы аз инвазивті функционалды гемисферотомия» атты бірегей шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сыныбы аясында неміс маманы  қазақстандық жетекші нейрохирургтермен бірге эпилепсияның күрделі түріне бес ота жасады.

Фармакорезистентті эпилепсия кезінде дұрыс таңдалмаған препараттар эпилепсияға қарсы тиімсіз және эпилепсиялық ұстамаларды бақылауды қамтамасыз ете алмайды. Әлемдік статистикаға сәйкес, эпилепсияны дәрі-дәрмекпен емдеу науқастардың 70-80%-ына  тиімді. Соңғы жылдары эпилепсия хирургиясы бойынша жаңа технологиялар енгізілуде. Олар бұрын мұндай емделу мүмкін болмаған науқастардың сауығып кетуіне мүмкіндік береді.

«Біздің бес кішкентай баламызға ота жасалды. Берлиндегі «Шарите» клиникасынан келген қонағымыз, профессор Тамаленің жетекшілігімен шеберлік сыныбы кезінде эпилепсиялық ұстамалары жиі болатын балалардың миына ауыр, күрделі операциялар жасалды. Барлық операциялар сәтті өтті, балалар қазір нейрохирургия бөлімшесінде. Бұдан былай осындай науқасы бар балаларға өз бетімізше операция жасаймыз деп ойлаймын», - деді №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері, белгілі қазақстандық нейрохирург Марат Рабандияров.
Профессор Ульрих-Вильгельм Тамале - балалар эпилепсиясының хирургиялық емдеу саласындағы әлемге танымал маман. Ол түрлі жастағы балаларға жылына шамамен 1000 операция жасайды.  Балалардағы орталық және перифериялық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде барлығы 7 мыңнан астам күрделі операцияларды сәтті  жүргізді.

Профессор атап өткендей, микрохирургиялық аз инвазивті әдістемені қолдану бойынша осы хирургиялық араласулар кезінде компьютерлік ассистенция міндетті түрде қолданылады.

«Берлинде біз өзіміз бұл әдісті «3D- шындық» нейронавигациялық жүйесі арқылы енгізуді жақында ғана бастадық. Бұл заманауи технология осы қазақстандық  клиникада пайда болғандықтан, біз осы әдісті Қазақстанда бірге енгізуді ұйғардық. Айта кетерлігі, балалар ауруханасының операциялық бөлмесі жоғары деңгейлі, заманауи медициналық техникамен жақсы жабдықталған. Оны әрі қарай  дамытып, техниканы да, жаңа әдістерді де тиімді қолдану маңызды», - деп атап өтті неміс дәрігері.
№2 балалар ауруханасында МРТ-да ұстамасы бар науқастарға екі операция жасалды. Бұл түзілімдер құрысуларды тоқтату мақсатында жойылды. Ал қалғандары, неғұрлым күрделі операциялар, эпилепсия мидың жартысының зақымдалған бөлігінен туындаған, мидың қалыпты, сау аймағының дұрыс дамуына кедергі болатынжәне эпилепсияны тудыратын, сонымен қатар сау жарты шардың дамуын төмендететін «толқын дауылы» деп аталатын ақауы бар науқастарға жасалды.

Осы жобаны ұйымдастырушы «Мейірім» Ерікті қоғамы» қоғамдық қорының өкілі Светлана Селюнина атап өткендей, шеберлік сабақтар өткізілгеннен кейін атқарылған жұмыстар көңіл қуантты.

№2 балалар клиникалық ауруханасының тәжірибесіне енгізілген эпилепсияға қарсы операциялар шетелдік клиникаларда қымбат, біздің елде пациенттерді іріктеуден кейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында олар тегін жасалады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста