Алматыда Абай-Желтоқсан көшесінде жол жүру схемасы өзгерді
Алматыда Абай-Желтоқсан көшелері қиылысында жол жүру схемасы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгіннен бастап батысқа бара жатқанда көліктер Желтоқсанға солға бұрылар кезде тек 1 жолмен бұрылатын болды. Бұрын 3 жолақтың 2-еуі солға бұрылып, 1-еуі тік кететін еді.
«Абай көшесінде кептеліс пайда болды. Мұнда солға бұрылатындардан тік кететін көлік саны көп. Сондықтан, 2 жол тік кететіндерге берілді. Ал Абай көшесінен Абылайхан көшесіне солға бұрылар тұста жол белгісі өзгеріссіз қалады. Себебі, мұнда керісінше Абылайхан көшесіне бұрылатын көлік көп. Осыдан 2- 3 жыл бұрын, бұл қиылыста екі жолақты тік жіберіп көрдік. Бұл кептеліс тудырды. Сондықтан, Абылайхан көшесіне бұрылатын 2 жолақтың солға бұрылу схемасы өзгермейді», - деді қалалық ІІД ӘПБ жол бақылау бөлімінен.