Алматыда 37 жастағы азамат асылып өлмек болып, аман қалды

Алматыда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Әуезов ауданында болған. Түн ортасында инспектор Санат Шөнеков ағаштардың арасынан күдік тудырған адамды байқаған. Жанына барып, асылып қалғанын көрген инспектор дереу әрекет етуге тырысқанын айтады. 

"Мен жүгіріп барып, оның аяғынан ұстап, жоғары көтеріп, сымды босатып, адамды түсірдім. Ол есінен танып қалды. Өмір сүру белгілерін көрсетпеді. Сосын мен оның аяғынан ұстап, дем алғанша жоғары қарай көтере бастадым. Бірнеше секундтан кейін ер адам терең дем шығарды. Осы кезде жедел жәрдем келді", – дейді жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Санат Шөнеков.

"Ол – 37 жастағы С. есімді азамат. Ер адамның неліктен мұндай шарасыз әрекетке барғанын тексеру жұмыстары кезінде анықтаймыз. Қазір ол ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді", – деді Әуезов АПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста