Алматыда 28 панфиловшылар саябағында батырлар есімдері жазылған тақтайшаларды жұлып әкеткен бұзақылар ұсталды

Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы мемориалдан түрлі-түсті металдан жасалған әріптер мен тақтайшаларды ұрлаған үш тұрғынға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алматы облысы тұрғындарынан ұрланған зат тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

скриншот

Қаскүнемдердің ұсталғаны туралы Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.

"Аталған қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына қаланың криминалистері мен криминалдық полиция қызметкерлері кірді. Тонаушылар бірден анықталды. Сондай-ақ, қысқа уақытта олар отырған көлікті анықтау мүмкіндік болды. Күдіктілер 1996 және 1997 жылдары туған үш ер адам. Олар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы кенттерінің бірінің тұрғындары. Қаскүнемдер ұсталып, қамауға алынды", – деді ол.

Әбдірахмановтың айтуынша, ұсталғандар түсті металдарды қабылдау пунктіне сату мақсатында жезден жасалған шойын тақтайшалар мен әріптерді ұрлап кеткенін мойындаған.

"Жедел түрде ұрланған мүлікті өткізу бағытын қадағалап, ұрланған мүлікті сатып алуға қатысы бар тағы үш күдіктіні анықтадық. Олар да сол ауылдың тұрғындары. Соңғы барар жерлері Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Бекмаханов көшесіндегі металл қабылдау пункті. Батырлар аллеясындағы әріптер мен тақтайшалары қорытпаға дайындалған", – деді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары.

Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленген, олардың жалпы салмағы 44,5 келі жез болды. Сатып алушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196-бабының 1-бөлігі "көрінеу олжаланған мүлікті сатып алу немесе өткізу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Олар Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізу Медеу аудандық ПБ тергеушілеріне тапсырылды. Тергеу барысы мен нәтижелері Алматы қаласының полиция департаментінде бақылауға алынды", – деді Әбдірахманов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста