"Алматы Жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

"Алматы Жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

Алматы қаласының әкімдігі 15-31 мамыр аралығында  35 жасқа дейінгі және осы жасқа толғандардан "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй займдарын алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Сайтта авторизациялау электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Бағдарлама шеңберінде қосымша қаражат бөлініп, жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылды, мұғалімдер үшін 50 және дәрігерлер үшін 50.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін бағдарлама аясында қосымша қаржы бөлінді және лимит 100 займға ұлғайтылды: мұғалімдер үшін – 50, дәрігерлер үшін – 50.

Бағдарлама аясында несие берудің шарттары:

• займның ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;

• пайыздық мөлшерлеме – 5%;

• бастапқы жарна – 10%;

• бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;

• қамту – 1 100 адамнан кем емес.

Қатысу үшін негізгі талаптар:

1. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

2. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы.

3. Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтері.

inbusiness.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста