Алматы тарихына – 1000 жыл

Алматының аумағындағы ортағасырлық қа­ла­шықт­ардың бірі – Алма-Арасан қорымын зерт­теудің үшінші маусымдық жұмыстары аяқтал­ды. Оңтүстік астана тарихының 1000 жылдан асқаны­на куә болатын көне қорған жуық арада турис­тік орталыққа айналады.
Алма-Арасан шатқалында археологиялық зерттеу жұмыстары 2009 жылы басталған. «Археологиялық сараптама» ЖШС мамандары мен тарихшы, академик Карл Байпақов бастаған ғалымдар тобы бір апта бұрын үшінші маусымдық жұмыстарды аяқтады. Алматы қа­ласы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұра, мұра­жай және кітапхана бөлімі мамандарының ай­туын­ша, зерттеудің нәтижесінде ғылыми деректеме­лер, оның ішінде, Алматы қаласының жасын анықтауға қатыс­ты мәліметтер дайындалады. Оңтүстік астананың көне тарихы жайлы түрлі дерек болғанымен, ғалымдар ара­сында шаһардың жас шамасына қатысты әрқилы пікір бар. Кейбіреулер Алматының 2,5 мың жылдық та­ри­хына күмән келтіреді. Енді Алма-Арасанда табыл­ған қорған бұл қаланың іргеленгеніне кемінде 1000 жыл­дан асқанына анық айғақ бола алады. Көне қо­рым­ды одан әрі зерттеу келесі маусымда да жалғасады. Алматы қаласының әкімдігі бұл мақсатқа қаржы бөліп қойған.
Данияр Әлиев, Алматы қаласы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұра, мұражай және кітапхана бөлімінің бас маманы:
– Алматы қаласы аумағында барлығы сегіз көне қа­ла­шық болған. Олар –Бұтақты ауданы, қазіргі қалалық про­куратураның орны, Тереңқара, Алма-Арасан және тағы басқа. Алма-Арасанды әйгілі шығыстанушы Ва­силий Бартольд 1894 жылы анықтап кеткен. Бұл жерде орта ғасырларда ірі қала болған. Болашақта бұл қала­шық­ты туристерді тартатын орынға айналдыруды мақ­сат етеміз. Ал Алматы қаласының жасына келер болсақ, оны анықтаудың үш түрлі дереккөзі бар: археология­лық, нумизматикалық және жазба деректер. Архео­ло­гиялық деректер Бұтақты, Шаңырақтағы Ұлжан елді ме­кендерінен табылған қыш құмыралар десек, ну­мизматикалық деректерге 1979 жылы қазіргі Достық даң­­ғылындағы Шекара қызметі училищесінің орнынан та­былған тиындарды айтуға болады. Онда «Алмату» сөз­дері жазылған. Ал қаланың жасына қатысты жазба де­ректерге Бабыр еңбектері, Дулатидің «Тарих-и Раши­диі» жатады, бұл жазбалар бойынша Алматының жа­сы ХІІІ-ХІV ғасырларға сәйкес келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста