Алматы қалалық Полиция департаменті суық судың ақысын төлемей келеді. Олардың мемлекет алдындағы суық суға қарызы 2,2 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
 
Борышкерлердің қатарында қалалық және республикалық бюджеттен тұрақты қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің саны да аз емес. Мәселен, «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ күнделікті қолданатын суға да жылдап ақы төлемеген. Аталмыш мекеменің қарызы &ndash 3 582 465,02 те
Борышкерлер тізімінде 33 миллион теңге берешегі бар Әуезов ауданында орналасқан «Тұрмыс» өндіріс кооперативі көш бастап тұр. Суық судың бір текше метрін «Алматы су» МКК 59,38 теңгеден алып, оны халыққа 154 теңгеден сатып, пайда көріп келе жатқан «Тас-Құм» ЖШС қарызы 30 миллионға жуықтайды.
«Жергілікті қалалық бюджеттен қаржыландырылады. Келісім-шарт нөмірі - 9174. Медеу ауданында орналасқан «ҚР ІІМ Алматы қаласының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің қарызы - 2 223 072 теңге», - деп көрсетілген борышкерлердің тізімде.
Алған қызметтің ақысын қайтаруды қош көрмейтін 64 мекеменің тізімі жарияланған. Олардың мемлекет алдындағы суық суға қарызы 247 миллион теңгеден асады. Тізімде аты көрсетілген компаниялардың көбі қоғамға танымал, бизнесте белсенді, қаржылық ахуалы мықты ұйымдар боп саналады. Нарықта жылжымайтын мүлік сатумен көш бастап тұрған «Элитстрой Алматы» ЖШС &ndash 21,49 млн, жолаушылар вагонын жөндеумен айналыстаын «Вагонсервис» АҚ Алматы филиалы - 8,5 млн теңге қарыз.
«Бұл мекемелердің алды 3 жыл, арты 3 айдан аса күнделікті қолданатын ауыз су ақысын төлемейтін ұйымдар. Алматы қаласы бойынша суық су мен кәріздің құны ел бойынша ең төмен, ал коммуналдық қызметтер үшін жалпы төлемдер құрылымында суық су мен кәріз үшін төлем 5%-дан аспайтынына қарамастан, қалада пәтерлер мен үйлердің иелері, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы шоттары бойынша төлем жасамайтын заңды тұлғалар бар», - деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.
Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының «Алматы зоологиялық паркінің» 4,6 млн теңге берешегі бар. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына бағынышты «Психикалық сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қарызы да миллионды құрайды. Мұндай ұйымдардың арасында «Алатау» дәстүрлі өнер театры да бар. Жолаушылар тасумен күнделікті қаржы тауып отырған «Сайран» автовокзалының суық суға қарызы да 1 миллион теңгеден асады.
Қазір кәсіпорын мерзімі өткен қарыздарды өндіріп алудың барлық заңды әдістерін қолданады. Бұл тұрақты жазбаша, телефон хабарламалары, сот процестері және су беру қызметтерінен ажыратудың соңғы шарасы.
борышкердің өзінде не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, оның мүлкіне тыйым салу;
борышкердің банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкіне тыйым салу;
борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымалы мүлкін алып қою;
борышкердің өзінде не өзге де жеке немесе заңды тұлғаларда тұрған жылжымайтын мүлкін алып қою;
борышкерге белгілі бір заңдық әрекеттерді жасауға тыйым салу;
борышкердің мүлкіне сүргі салу;
құқық белгілейтін құжаттарды алып қою.