Алматы полицейлері жұмыстың күшейтілген түріне ауыстырылды. Мұндай шаралар Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында енгізілді. 12 мен 14 желтоқсан аралығында полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" атты жедел профилактикалық шара өткізеді. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Полицейлерге жас көмекшілер мен қоғамдық мекемелер көмектеседі. Жаяу торуылдау топтары көбейтіліп, көлікпен торуылдау күшейтіледі.
Сонымен қатар, Ішкі істер бөлімінің және Ұлттық гвардияның жеке құрам қызметкерлері жұмылдырылады.
Сондай-ақ, әкімшілік қадағалаудағы адамдарды, полицияда тіркеуде тұрған азаматтар мен отбасыларды бақылау күшейтіледі.