Алматы облысының травматологтары шетелдік науқасқа ота жасады

Науқас Б., Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының қабылдау бөлмесіне оң қолы мен иығындағы ауырсыну шағымдарымен түсті. Бұрын жарысқа қатысу кезінде жарақат алғаны жайлы айтып өтті. АККА травматологтары науқасты тексеріп, рентгенге түсіріп, оң жақ иық сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің жабық қиғаш бұранда тәрізді сынуы диагнозын қойды.
«20 жастағы жас жігіт бізге оң жақ иық сүйегінің сынуымен келді. Армреслингтен жарысқа қатысып, жарақат алған екен. Жалпы, бұл спорт түрі қол жарақатына қауіпті болып есептеледі, адам шынтақ пен иық буындарына, байламдарға, білек пен иық сүйектеріне жүктемені шамадан тыс береді. Біз науқасқа ашық остеосинтезге блоктаушы пластинамен және бұрандалармен ота жасадық, отадан кейін науқас өзін жақсы сезініп отыр. Барлық ем шаралары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізілді", - дейді травматолог дәрігер Дәулет Тастанбеков.
Айта кетейік, остеосинтез – бұл сынықтарды хирургиялық емдеу әдісі, ол сынған сүйек фрагменттерін біріктіруден және толық синтез басталғанға дейін анатомиялық дұрыс қалыпта тұрақты бекітуден тұрады.
"Мен медициналық университеттің студентімін, Үндістаннан келдім. Жарақатты абайсыздықтан алдым. Мені осы ауруханаға уақытында әкеліп, дәрігерлер дереу көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді", - дейді науқастың өзі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста