Алматы облысының медицина қызметкерлері қайырымдылық акциясын бастады

Алматы облысы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының медицина қызметкерлері "Шын жүректен" қайырымдылық акциясын бастады.
Аурухана директоры Малғаждаров Маулен Сансызбайұлының бастамасымен "Қарасай ана жүрегі" қоғамдық қорының қолдауымен аудандағы 45 көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Қажетті азық-түлік, отын-көмірмен қамтамасыз етілген отбасылар акцияны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

-Бүгінгі күні көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек беруді қолға алдық. Бұл бастамаға медицина қызметкерлері мен "Қарасай ана жүрегі" қоғамдық қорының өкілдері бірден қолдау танытты. Әсіресе, қыс мезгілінде отын-көмірге мұқтаж отбасылар бар. Сондықтан бұл бастама басқа да аудандарда жалғасын табады деп ойлаймын, - деді Маулен Сансызбайұлы.

Айта кетсек, Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының медицина қызметкерлері қайырымдылық акциясын үш ай сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста