Алматы облысының әкімі А.Баталов әйелдер қауымын 8 наурыз қарсаңында мерекелерімен құттықтап, салтанатты жиын өткізді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында салтанатты қабылдау шарасын өткізіп, 200-ге жуық әйелдер қауымын құттықтады, деп хабарлады zhetysu.gov.kz.
Облыс әкімдігінде өткізілген салтанатты шараға соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.
Өңір басшысы аналарымыздың шаңырақ отын маздатып, өңір дамуына өлшеусіз үлес косып келе жатқандығына тоқтала келе, өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді:
- Сұлулық пен нәзіктіктің иесі - Сіздерді осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әйел, отбасы, қоғам бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Әйел - ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ, Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Осы жиынға келе алмаған аналарды құрметтен тыс қалдырмай, арнайы құттықтау жасайтын боламыз, - деп қорытындылады өз сөзін Амандық Баталов.
Құттықтау рәсімінен соң облыс әкімі көп балалы аналарға «Алтын» алқа, «Күміс» алқа төсбелгілерін табыстап, бірқатар азаматшаларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын ұсынды.
Өз кезегінде жиынға қатысушы қонақтар тарапынан, атап айтсақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық болгар этномәдени орталығының төрайымы Дарья Кравченко, Алакөл ауданының құрметті азаматы Ұлжалғас Дүйсебаева сөз алды. Олар өздерінің осындай атқарылып жатқан игі істерге оң бағаларын беріп, облыс әкіміне бір топ аналардың атынан өз ризашылықтарын жеткізді. Аналарға, әйелдер қауымына осындай сый-құрмет көрсеткендеріне шексіз алғыстарын білдірді.
Жиын соңында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев аналарға, әйелдер қауымына арнап ән шырқап, залда жиналған нәзік жандыларды өз өнерімен тәнті етті.

inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста