Жерасты дүмпулерін Саты ауылының тұрғындары сезді. Жер сілкінісі Алматыдан 133 шақырым жерде болды
Қазақстан аумағында магнитудасы 3.9 жер сілкінісі болды.
"СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 17 қыркүйек 4 сағат 7 минут 57 секундте жерасты дүмпулерін тіркеді.
Оның эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 133 шақырым жерде орналасты.
"Энергетикалық класы 9.3. Магнитуда MPV 3.9. Тереңдігі – 15 шақырым. Саты ауылында 2-3 балл сезілді (МSК-64 шкаласы бойынша)", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Еске салсақ, 14 қыркүйекте республикада магнитудасы 4.2 жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Алматыдан 286 шақырым жерде тіркелді.