Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды – видео

Жол апаты бүгін таңғы сағат 08:00-де болған. "Талғар - Ақбұлақ" тасжолымен келе жатқан "Mitsubishi Galant" көлік жүргізушісі "Паз 3206" автобусын өткізбеген
Алматы облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін таңғы сағат 08:00-де болған. "Талғар - Ақбұлақ" тасжолымен келе жатқан "Mitsubishi Galant" көлік жүргізушісі "Паз 3206" автобусын өткізбеген. Жолаушылар көлігі оны бүйірінен соғып, мыжырайтып тастады. Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады.

Оқиға орнында "Mitsubishi Galant"-тың 41 жастағы жүргізушісі көз жұмды. Одан басқа жарақат алған адам жоқ. Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі ("Көлiкті асқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

https://www.instagram.com/kris_p_talgar/?utm_source=ig_embed

Ал желі қолданушылары жол апаты болған қиылысты сынға алды. Себебі "Mitsubishi Galant" көлігі жүрген жол түзу болса да, екінші дәрежелі саналады. Ол автобусты өткізуі керек. Ал "Паз 3206" автобусы айналып, солға қарай бұрылғысы келген. Ол бас жолмен келе жатқан. Алайда бұрын керісінше болған. Содан көлік жүргізушілерінің көбі шатасады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста