Алматы облысы Іле ауданында он жастағы бала картинг тебу кезінде мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті ұсынған алдын ала мәліметке сүйенсек, жасөспірім картинг тебу кезінде пластмасса блоктарды соғып, тұрақта тұрған ГАЗ-53 көлігіне соғылған.
"Куәгерлер өзге картингпен соқтығысып, инерция салдарынан жол шетіне шығып кеткенін айтады. Екінші картингті әйел басқарған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деді полиция департаментіндегілер.
Құқық қорғаушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеріп, куәгерлерден жауап алуда.