Алматы облысында коронавирус жұқтырған екі науқас 130-дай адаммен байланыста болған

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санатына тағы екі адам қосылды. Олар – Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының тұрғындары, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың біріншісі – 1997 жылы туған азамат, дәрігерге жүгінгенде өкпесінің қабынуы анықталып, соған байланысты КВИ-ге вирусологиялық анализ алынған, қорытындысы оның сырқат екенін көрсеткен.

Екіншісі – 1975 жылы туған әйел адам, наурыздың 1-7 аралығында Ташкентте, 18 наурызда Алматы қаласында болған. 13 наурызда инфекционист дәрігерге құрғақ жөтел, дәм және иіс сезуінің бұзылуына шағымданған және ол мұрны біткеніне байланысты 6 сәуірден өз бетінше антибиотик қабылдағанын айтқан. Дәрігерлердің қарауынан кейін провизорлық бөлімге жатқызылып, КВИ-ға вирусологиялық анализ алынды, қорытындысы оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Сырқаттардың екеуі де Қарасай аудандық орталық ауруханының инфекциялық бөлімінде жатыр.

Екі адамның жалпы саны 130 адаммен байланыста болғаны белгілі болды, олардың барлығы Мыңбаев ауылындағы аурухананың провизорлық бөліміне оқшауландырылып, әрқайсысынан вирусологиялық анализ алынды.

Айта кетейік, 14 сәуір күнгі сағат 21.00-дегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны 24-ке жетті, олардың 5-еуі жазылып шықты. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста