Алматы облысында білім басқармасы басшысының қамауға алынғаны расталды
Алматы облыстық прокуратурасындағылар білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен оның сыбайластары қамауда отырғанын растады, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz.
Басқарма басшысы Майгүл Омарова мен басқармаға қарасты ақпараттық технологиялар аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Арапби Меңлібаевқа қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланса, басқармаға қарасты күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бақыт Абдолданова үйқамаққа алынған.
Тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шартын жасаған.