Алматы облыстық ауруханада пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының гинекология бөлімінің базасында пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі. Біздің мамандар Алматы облысында тәжірибеге бірегей әдісті енгізіп қана қоймай, оны өңір тұрғындары үшін қолжетімді ете алды.
Пренатальды диагностика – ұрықтың хромосомалық патологиясына күдік болған кезде пренатальды кариотиптеуді жүргізу үшін ұрық материалын (хорионбиопсия, амниоцентез, кордоцентез) алу мақсатында ультрадыбыстық бақылаумен жүргізілетін жатырішілік операция.
Инвазивті зерттеу әдістері хромосомалық ауруларды, хромосомалық ауытқуларды, сондай-ақ моногендік ауруларды анықтау үшін ұрық материалын алу мақсатында генетик дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
"ДДҰ мақұлдаған инвазивті диагностикаға жіберудің стандартты көрсеткіштері келесі талаптарды қамтиды - жүкті әйелдің жасы 35 жастан асқан болуы керек, жүктіліктің алғашқы апталарында кем дегенде 2 өздігінен түсік болуы, отбасында баланың Даун синдромы болуы, бірнеше туа біткен ақаулар, хромосомалық патологияның жоғары қаупі анықталған инвазивті емес сынақтардың нәтижелері және биохимиялық немесе ультрадыбыстық маркерлер. Мұндай диагностиканың мерзімі тоғызыншы апта мен жиырма бірінші апта аралығында жасалады", - дейді гинеколог Риза Берікқызы.
Айта кетейік, инвазивті әдістер ұрықтың жасушалары мен тіндерін және провизорлық мүшелерді (хорион, плацента) алуға мүмкіндік береді. Материалды алу ультрадыбыстық бақылаумен трансабдоминальды түрде (іш қабырғасы арқылы) жүзеге асырылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста