Алматы ипподромы жабылып орнына сауда орталығы салынатын болды

Алматы ипподромы ақыры жабылатын болды! Босаған 42 гектар жерге оның қожайыны сауда орталығын салмақ екен. Тек бұған ипподром қызметкерлері үзілді-кесілді қарсы. Егер кешен жабылса, 40-қа жуық адамның жұмысынан айырылғалы тұр. Сондықтан жұмысшылар 85 жылдық тарихы бар мекеменің қайта мемлекет қарамағына өтуін талап етуде. Айта кетейік, ипподром 2011 жылы жеке қолға өткен.

Ипподромының сырты абыр-сабыр. Әдетте іште жүретін атбегілер енді далада жүруге мәжбүр. Өйткені ат жаттықтыратын орталықтың жұмысы бүгіннен бастап тоқтатылған. Есігінде «қайта жөндеуге жабылады» деген ескертпе ілінгенімен,еңбеккерлер оның толық жабылғалы жатқанын естіпті.

Владимир Игодин, ипподром қызметкері:

-Ипподромда 64-ші жылдан бері жұмыс істеймін. Мұнда қаншама жарыс өтіп, қаншама рекордтар жасалды. Бәрін енді бір күнде жоқ қылды. Ауру балаларға да түрлі ем жасайтын едік.

42 гектар жерді алып жатқан ипподром – Алматыдағы ескі кешендердің бірі. Ол 1930 жылы салынған. Мұрағатқа жүгінсек, мұнда асыл тұқымды 2 мыңнан астам жылқы бапталған екен. Тек 2011 жылы сол нысан жекенің қолына беріліпті. Енді тіптен жабылғалы жатыр.

Әсел Досыбаева, «Алматы ипподромы» қозғалысының жетекшісі:

- Бұл 85 жылдық тарихы бар кешен. Алдағы 20 наурызда мерейтойы аталып өтуі тиіс еді. Оның құртқанша, неге сақтамаймыз. Мемлекет қайта қарауына алсын. Қазір заң орындарына шағымданып жатырмыз. Орнына түрлі сауда орындары салынады екен.

Бірақ жұмыстан қысқарып, шырылдаған 40 қызметкердің талабын қожайын құлаққа да ілген жоқ. Кешеннің жабылуын пайданың болмауымен түсіндіріп, жауабын қысқа қайырды.

Шухрат Илохунов, ипподром қожайыны:

-Иә, жабылады. Өйткені пайдасы жоқ. Шығын көлемі жылына 2 миллион шамасында айналады. Негізгі табыс бәс тігуден түсетін. Бірақ енді оған рұқсат бермей жатыр. Сондықтан жабуды ұйғардым.

Тек бұған ипподром қызметкерлерінің көнгісі жоқ. Сондықтан олар кешен қайта мемлекеттің меншігіне өтсін деп енді әкімдікке арызданбақ.

Автор: Құралай Пионер

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста