Әлиевтің кітабын Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Рахат Әлиевтің жарыққа шыққан кітабының таралуына тыйым салынатын жақтары бар екендігін анықтап, соған байланысты мамырдың 15-інде екі қылмыстық іс қозғады және осыған қарасты істерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеуіне тапсырды. Бұл туралы кеше өткен апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті.
Өз кезегінде ҰҚК-нің тергеушілері кітаптың ішіндегі мем­ле­кеттік құпия ақпараттарды, шындыққа жанаспайтын және адам­ның жеке басына нұқсан келтіретін тұстарды ескеріп, оның Қазақстан аумағында таралуына тыйым салу жөнінде қаулы шығарған.
«Бұл кітаптың таралуына тыйым салатын Қазақстанның заң­дық нормалары бар. Сондықтан барлық таралымы, мәтіндері қылмыс заты және заттық дәлел деп танылды. Ал Қазақстан заңнамасы бойынша заттық дәлел тәркіленіп, қылмыстық іске қатыстырылады», – деді ресми өкіл.
«Бұл кітапта азаматтардың құқығына нұқсан келтіретін бұр­маланған фактілер, жалған ақпараттар жарияланған. Ең бас­тысы, жеке адам өміріне қол сұғу, жеке бастың құпия­лы­ғы аяқасты етілген. Сондай-ақ онда жеке азаматтардың мү­ліктік құқығын бұзу фактілері анықталды», – деді өз сө­зінде Сапарбек Нұрпейісов. Оның айтуынша, аталмыш кі­тап­та мем­лекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жа­рияланған.
«Кітапты тарату немесе мәтіндерін қолдану қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке соқтырады. Бұл Қазақстан сотынан қашып жүрген Рахат Әлиевке, қылмыскерге жақтасу ретінде қарастырылады», – деді ресми өкіл.
No comment...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста