«Алғысым шексіз бабаларыма!» – деді Орталық мемлекеттік архивке жиналған жастар

«Алғысым шексіз бабаларыма!» – деді Орталық мемлекеттік архивке жиналған жастар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік архив" Республикалық мемлекеттік мекемесінде Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара болып өтті. Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген жарасымды сыйластықты және өзара құрметті дәріптеу мақсатында Алғыс айтуға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің студенттері мен магистранттары арнайы бас қосты.
Жиында алғысөзді алған архив директоры Арнұр Қарымсақов: «Ізет күні деп белгілеудің астарында үлкен мән бар. Елбасының елімізде «Жастар жылы» аясында деп жариялауы аса маңызды қадам болып отыр. «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын еліміздің тарихи құнды мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды ұсынды. Бүгін біз орталық мемлекеттік архивінің тарихымен, ғасырлар қойнауынан жеткен құжаттармен, архив қоймаларымен таныстыруға Сіздермен бас қосып отырмыз. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне әрқашан қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына көшбасшы ретінде үлес қосқаны үшін, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген Елбасына ерекше алғысымды білдіремін! Осынау Алғыс айту күнінде мен ең алдымен қазақ елінің егемендік пен бейбіт өмірге қол жеткізген ата-бабаларымыздың ерлігі мен рухына бас иемін!» деді өз сөзінде.
Шара бағдарламасының аясында Қазақстанда жасақталған 100 және 101-атқыштар бригадасының майдан жолындағы тарихын бейнелейтін «Стертые имена» атты деректі фильмі көрсетілді. Деректі фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекетік архивінде» сақталған «1941-1945 жылдардағы соғыс. Қазақ әскери комиссариаты. Құпиясыздандырылған құжаттар», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақастан. 1941-1945 жылдары» қорлары бойынша дайындалған. Фильмде «Өшірілген есімдер» соғыстың күңгірт тұстары, ашылмаған ақтандақтары, бригаданың жауынгерлік жолы, қарсы шабуылға шыққан бағыттары, қазақ жауынгерлерінің неміс-фашист басқыншыларының алғашқы қарқынына қалай тойтарыс бергені, жеңіске деген сенім, жауға деген өшпенділік, әскери антқа адалдық, қайсарлық пен табандылық туралы баяндалады. Қанды шайқастардың куәгері болған рота командирі Сұлтан Жиенбаевтың, «Марс» операциясының қатысушысы Кәкен Әбеновтің жазған «өлім алқабы» деп тарихта қалған Ржев түбіндегі жан түршігерлік кескілескен шайқастар туралы баяндалып, тарихи түсініктер береді. Ұлы Отан соғысында шайқасқан ардагерлердің жүрек тебірентерлік ерлігін жастар қызығушылықпен тамашалады.
Фильм көрсетілімінен соң архив директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева: «Әрбір адам өз елінің тарихын білу парыз. Елін, жерін, Отанына деген сүйіспеншілігі мол ер азамат ештеңеден қаймықпайды, сол елдің өркендеп өсуіне, гүлденуіне үлкен үлесін қосады. Студенттер мұнда бір жағынан тарихты білуге, екінші жағынан сұрапыл соғыста болашақ ұрпаққа жарқын бейбітшілік өмір сыйлау үшін майданда қан төккен ата бабаларымызға тағзым ету үшін келді. «Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран» дегендей Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін еш уақытта ұмытпаймыз, әрқашанда жадыда сақтаймыз және осы дәстүрді үнемі әрі қарай жалғастырамыз, – деп жүрекжарды тілектерін білдірді.
Алғыс айту рәсімі аясында студент жастар үшін жүздеген жылдардың тезінен ең қасиетті, ең құнды мұрамыз сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмеге қойылды. Олардың ішінде Насрулла ат-Таразидің «Дарул-кутубте» (Мысыр Ұлттық кітапханасы)1962 жылға дейінгі сақталған парсы қолжазбалар каталогы, Татар тілінде жазылған Құран-кәрімнің түсіндірмелік нұсқалары, Орталық мемлекеттік архив қоймасында тұрақты сақталған жеке тұлғалардың істері, Ахмет Байтұрсыновтың Орталық Атқару комитетінің съезіне берілген мүшелік билеті, Әміре Қаржаубаевтың 1927 жылы өтетін Франкфурт-Майне қаласындағы Халықраралық музыкалық көрмеге қатысуға жіберілуі жөніндегі құжаттар және көптеген құнды қолжазбалармен танысты.
Еліміздің іргелі жоғары оқу орындарынан келген жастар архив мұрағаттарымен танысып, өздерінің алғыстарын қағазға жазып қалдырды. Олардың барлығы ақ параққа «Алғысым шексіз бабаларыма!» деген жолдары еліне алғыс айтқан ізгі ойлары жазылған хаттары архив қорына сақтауға жіберілді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста