Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қайрат Мәмидің Астанада өтетін кезекті IV діни форумға қатысуға арналған жеке шақыруы Женевада дүниежүзілік шіркеулер кеңесінің Бас хатшысы О.Твейтке, дүниежүзілік лютеран федерациясының Бас хатшысы М. Юнгеге, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры Қ.Тоқаевқа табыс етілді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Шақыруды табыстаған сенатор Икрам Адырбеков Христиан ұйымдарының басшыларымен кездесулер барысында алдағы форумның басты тақырыбы мен негізгі пікірсайыс секцияларындағы мәселелер туралы әңгімеледі. Арнайы өкілмен кездесушілер Қазақстанның өркениеттер үнқатысуын дамыту саласындағы күш-жігерін жоғары бағалады және діни лидерлер съезіне шақыруға ризашылықтарын білдірді. БҰҰ Женева бөлімінің басшысы Қ.Тоқаев та шақыруға алғыс айтып, осы халықаралық ұйым тарапынан қазақстандық бастамаға қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.
Әлемдік тұлғаларға IV діни форумға шақыру табысталды
Последние статьи автора