Әлемді шарпыған компьютер дерті жүйкені жеп барады

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақтың дала философиясы «За­манына қарай адамы» дейді. Ше­тел­дің бір білгіші «Әрбір кезеңнің өзі­нің қияли-шалысы бар» депті. Рас екен. Бүгінде ғалымдар Алланың аса сүйікті жаратылысы – адамның жүй­ке жүйесінде ғылыми-техникалық да­му­дың  салдарынан пайда болатын пси­хопатологиялық жағдайлармен бет­пе-бет келіп отыр. Бізде қайдам, ал  ше­телдің психиатриясындағы мамандар ғы­лыми-техникалық дамудың әсерінен жүйкесіне салмақ түскен науқастардың артып келе жатқанын айтумен келеді. Адамды мұндай күйге душар етушінің алдыңғы қатарында виртуалдық тә­уел­ділік  бар екен.  Яғни  жансыз болса да, етене егізіңізге айналып кеткен ком­пьютер. Үнсіз отырып, аңдамаса, өзіне үз­діктіріп қояды екен. Ал ол – психикасы түзу еместіктің алғашқы белгісі.
Әлемде компьютер, ғаламторды тұтынушы­лар­­дың 2 пайызына осындай «диагноз» қо­йыл­ған. Әрине, әзірге аурулардың халықаралық  клас­сифи­кация­сына кірмегенімен, мұның ал­ғаш­қы белгілері бой көрсетіп отырғанын дәрігерлер де айтуда. Сондықтан алдағы жылдар­да мұның сыр­қаттардың тізіміне енетініне шүбә келтірмейді де.
Бұл туралы «виртуалды реализм» туралы тер­мин­ді  алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдары Мас­сачутскінің технологиялық институты енгізіпті. Ресейде 1984 жылдары қолданысқа ен­ген. Бұл күні виртуалды шындық психологиялық тұр­ғыда қарастырылуда. Өйткені қазіргі кезеңде ком­пьютерге телмірудің соңы санаға салмақ са­лып, жүйке сыр бере бастады. Вир­туал­ды тәуел­ділік пайда болуда. Жұрт жаппай жынды  бол­ма­ға­ны­мен, жүйкесі шатқаяқтағаны анықталуда.
Ресей кейінгі уақытта балалардың арасында жүй­ке-пси­хикасының бұзылу жағдайы 80 па­йызға арт­қанын мә­лім еткен. Ол аз болса, небір қан кеш­кен қыр­ғын­дардан құралған ойындарды құмарта ой­найтын ба­ла­да, мамандардың ай­туынша, қа­йы­рымдылық кеміп, қатыгездік, без­бүйректік белең ала­ды. Интернеттің кең та­рауы да, оны күндіз-түні тұ­тынудың да түбі на­ша­қорлық я маскүнемдік се­кілді тәуекелділікке әкеліп со­ғады екен. Әсіресе бұған 17 мен 21 жас аралығындағы боз­балалар бейім.
Компьютердегі атыс-шабыс ойындар жас­өс­пірім­дер­ді  компьютердің құлағында ойнайтын етіп шығар­май­тыны анық. Оның орнына ол жүй­кесін, мінез-құл­қын бұзады. Ғалымдар вир­туал­дық тәуелділік адамды деградацияға ұшыратпақ дей­ді. Мұның сыртында монитордан бөлінетін сәу­лелер, көру қабілетін тө­мен­дету секілді кері әсер­лері тағы бар. Оған баланың сол ойын бары­сында құбы­л­малы болатын көңіл күйін қосыңыз.
Американың Рочестер университетінің  ма­мандары оқиғасы жылдам өрбитін ди­на­микалық ойындарды ойнайтын­дардың адам­ның ойлау қабілетін шек­тей­ті­нін, же­ңіл операциялардың қайталана беруі­нен ми­дың тек жылдам операцияларды орын­дауға бейімделетінін дә­лелдеген. Ойын ба­рысында  кенеттен мерт болуы не­месе ға­йыптан қайта тірілуі, қанқұйлы әре­кет­терді шімірікпестен тамашалауы баланы тасбауыр­лыққа бау­ли­тынын көрсеткен. Ал Бельгияда Леивен университетінің ма­мандары 2,5 мыңнан астам жасөспірім арасында таратқан сауалнама нәтижесінде олардың басым көпшілігі компьютер мен ұялы телефонды үздіксіз пайдалан­ған­дықтан, ұйқысыздық дертіне  ұрын­ған­дықтарына  шағынған.
Дәрігерлер «баланың ұзақ уақыт тап­жыл­­­май, компьютердің алдында отыруы ой-өрісінің дамуын шектеп,  оның мінез-құл­қы­ның өзгеруіне, логикалық ойлау қа­­бі­ле­тінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп со­ғады» дейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ойы те­же­леді. Дәрігер қауымы «ақы­л­ды» жә­шік­тің жас балаға кері әсерін бы­лайша жіктейді...
Компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс іс­теу қан қысымын көтереді.  Миопия (көз жа­нарының алыстан немесе жақыннан кө­ру қабілетінің төмендеуі), құлақтың есту қабі­летін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзы­лып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қан­баған баланың зейіні төмендейді. Со­ны­­мен қатар омыртқаға көп күш түсе­тін­дік­тен, сколиоз (омыртқа буынының қи­саюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін. Электр­ленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым кел­тіреді және тағысын тағылар...
Бақыт ҚОСЫҚОВА, психолог:
– Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс, төбелес, зорлық-зом­былықтар болып келеді. Бала сыртқы дү­ниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс не­месе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Бірте-бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиет­тері, ата-ана­ны сыйлау қабілеті азаяды. Осы­лайша жал­ғаса берсе, баланың әде­би кітап­тар­ға, ізгілік қасиеттілік ойын­­дарға қы­зы­­ғушылығы төмендеп, компьютерге тә­уел­ділікке әкеліп соға­ды. Сонымен бір­ге  соңғы кезде ұя­лы телефон ар­қы­лы Mail agent жүйе­сімен тілдесу де оқу­шы­лардың және жас­тардың ара­сында кең тарады. Ал ұялы теле­фон­ды да пай­да­лану кезінде электро­маг­ниттік тол­қын­дардың өте зиянды әсері бар екен­дігі де дәлелденіп отыр.

Айтқан жерде пәле жоқ. Кейінгі кезде жасөспірімдер мен жастар арасында белең алған өзіне-өзі қол жұмсаудың  бір ұшын да осы ғаламтор, компьютермен байла­ныс­­тырып жүр. Өмірде өз орнын таба ал­май­­тындардың көпшілігі аталған «Тәуел­ді­лік­тің тұзағына іліккендер болса керек. Со­сын зерттеулер  тәуелділіктің екінші ұшы – от­басында. Отбасындағы тәрбие осал бол­­­мауы керек» дейді. Яғни мейірім ке­мі­ген кез­де тасбауырлық тамыр жаятын се­кіл­­ді. Ойынымыз осылып жүрмесін, әй­те­уір...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста