Синоптиктер 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазгидромет мәліметінше, 14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста қар және қар аралас жаңбыр жауады.
"Республика бойынша тұман, солтүстік жартысында көктайғақ, кей уақытта жел күшейеді. Ал температура фонында қатты өзгерістер болмайды", - делінген хабарламада.