Қазгидромет 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізінен келетін циклон әсер етіп, қалың қар жауады.
9 ақпанда елдің шығысында қалың қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр күтіледі.
Сондай-ақ республиканың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.
"Еуропа аймақтарынан келетін антициклонның әсерінен ауа температурасы түнде батыста және шығыста 13-21, солтүстікте 20-28, орталықта 15-26 аязға дейін төмендейді. Күндіз батыста 7-12, солтүстікте 15-20, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін", - делінген хабарламада.