Қазгидромет 31 қаңтар мен 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болып, соған байланысты аязды ауа райы сақталады, бірақ жауын-шашын жаумайды.
"Елдің оңтүстік жартысында ауа райы жауын-шашын өтетін оңтүстік циклонмен анықталады. 2 ақпанда жауын-шашын болып, ауа температурасы 5-12 градусқа дейін жылиды", - делінген хабарламада.