Ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда, 25-27 ақпан аралығында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады.
Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар жылдам еріп, мұз әлсірейді және өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін.
"Жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен қалыңдығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 24-25 ақпанда қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар",- делінген ведомствоның хабарламасында.