Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды bnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, Жамбыл облысының кей ауданында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында да найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел тұрады. Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Ақмола, Қостанай, түнде Павлодар өңірлерінде де жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең – тұман. Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Атырау облысында да найзағай ойнайды.

Бүгін Астанада оқта-текте жаңбыр жауып, 17-18 мамырда күн 1-3 градусқа дейін суытып, үсік жүреді.

15-18 мамырда Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, 15 мамырда кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, жылбысқы қар), желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы 7-12, кей аудандарда 15-20 градус жылы.

15-18 мамырда Ақмола облысында жаңбыр, 16 мамырда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы 7-12, кей жерлерде 15 градус жылы, 1-6 градусқа дейін суытып, үсік жүреді.

Күндіз 15 мамырда Павлодар облысында жел екпіні 15-20 м/с, күндіз сынап бағанасы 10-15 градусқа дейін төмендейді, кейбір аймақтарда 18 градус жылы. Түнде 16 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін, облыстың басым аумағында күн 1-6 градусқа дейін суытып, үсік жүреді.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста