Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
5-6 шілдеде солтүстік-батыс, орталықта нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Бұршақ жаууы мүмкін.
7 шілдеде батыста жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашын толастайды.
Ауа температурасының күндіз батыста +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылайды.
Маңғыстау облысында +31 градусқа дейін ыстық болады. Ал елдің орталығында +20+28°С, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С, шығыста ауа температурасы +22+29°С, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°С-тан +25+33°С-қа, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33°С дейін көтеріледі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу