Алаштың тұңғыш генерал аруы

Мансұр ХАМИТ (фотолар)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел алдындағы ерен еңбегі мен қалтқысыз қызметі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. Ақордада өткен салтанатты шара аясында Президент жоғары әскери және арнаулы атақтарды, сондай-ақ сыныптық шендерді тапсырды.
«Бүгін ең лайықты азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болып отыр. Олардың барлығы да ерен еңбегімен, қалт­қысыз қызметімен ерекшеленген жандар болғаннан кейін біз осын­дай шешім қабылдадық. Сіздердің басты міндеттеріңіз – ұлт пен ұлыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз үшін тәу еткен Тәуелсіздігімізді қорғап, оны қастерлеуден асқан ешкімге үлкен мәртебе жоқ. Тату елдегі тұрақтылық пен тәртіп тұғырының берік болуы әскери қызметшілерге тікелей бай­ланысты. Сіздер сол салада абыройлы борышты әрқа­шанда да үлкен білімділікпен атқарып келесіздер. Қазақстанның тұ­рақ­тылығы мен халқымыздың амандығын сенімді сарбаз­дар күз­етіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет екендігі баршаға белгілі. Осының барлығы сіздерде бар деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы.  Осыдан кейін Президент мемлекеттік наградаларға лайықты деген азаматтарды марапаттады. Атап айтқанда, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбас­шы­лығы әскерлерінің қолбасшысы Т.Қойбақов, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы А.Рыспаев марапатталды. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары А.Боданов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 36855 әскери бөлі­мінің командирі Е.Ермекбаев, Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Қ.Игембаев, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің басқарма бастығы Б.Ысмайылов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметі басқармасының аға офицері Б.Қапаров, Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы С.Көдебаев, ҚР Ішкі істер министрлігі «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командирі Д.Құрмашев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жеке авиация­лық эскадрилья командирінің орынбасары М.Мұсабеков ма­рапатталды, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Қарағанды об­лысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және ава­риялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №45 ма­ман­дандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Ә.Айтбаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері 68665 әскери бөлімі десанттық-шабуылдаушы ротасының аға техник-жүргізушісі А.Караваев, Аэроұтқыр әскерлері сержанты – ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасының бөлімше бастығы Р.Сүйіндіков марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалімен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыс­та­ры қызметі» ММ бірінші кезектегі ава­риялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөнін­дегі №1 мамандандырылған өрт сөн­діру бөлімінің аға шебері Қ.Жаныспаев, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Мамлют ауданы № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Қ.Майсейітов марапатталды. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қазақстан Респуб­ли­касы Қарулы Күштері 83205 әскери бөлімінің командирі А.Әбдірахман, ҚР Президенті Күзет қызметі департамент бас­тығының орынбасары Е.Жарқымбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас басқар­ма бастығы М.Жетімеков, Респу­б­ли­­ка­лық ұлан 0111 әскери бөлімі баталь­оны­ның рота командирі Р.Кененбаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері 97617 әскери бөлімі зениттік зымырандық дивизионы­ның командирі Д.Шевченко марапатталды.
Ал жоғарғы әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы қаулыға сәйкес,  I-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бас прокурор Асхат Дауылбаевқа, генерал-лейтенант әскери атағы – қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары Құрбан Қаражановқа, әділет генерал-лейтенант әскери атағы – бас әскери прокурор Ер­ғали Мерзадиновқа, сыртқы барлау гене­рал-лейтенанты арнаулы атағы - «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиевқа, II-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бас прокурордың орын­ба­сары Иоган Меркельге табысталды. Сондай-ақ Мұрат  Бектанов,  Жомарт Қуан­ғалиев, Мейрам­бек Мұқатов, Талғат Мұхтаров және Нұр­лан  Сағандықов - генерал-майор,  Бақыт­бек Қосжанов, Ахат Мұ­қашев және Ғизат Нұрдәулетов – ұлт­­тық  қауіпсіздік генерал-майоры,  Ма­рат Шабақбаев  – қаржы по­ли­циясы гене­рал-майоры, Мұхаран Әмір­ов, Берік Біләл­ов, Рашид Жақыпов, Жан Кенже­та­ев, Асқар Оспанов және Қайрат Тыныбек­ов – полиция генерал-майоры,  Бауыржан Бер­далин  – әділет генерал-майоры, ал Ас­қар Секішев, Жақып Асанов, Сабыржан Бекбосынов, Нұржан Исақов және Сәуле Айтпаеваға III-сыныпты мемлекеттік әділет ке­ңесшісі сыныптық шені тапсырылды. Айт­пақ­шы, бас проку­ра­тураның Құқықтық ста­тис­тика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитеттің төрайымы Сәуле Айтпаева Қа­зақстанда алғаш рет генералдық шен алған әйел болып отыр. «Құқық қорғау органдары қатарында әйел азаматтардың генералдық шен алып жатқанына аса қуаныштымын. Негізі, әйел адамның табиғаты бейбітшілік, қауіпсізік пен тыныштыққа саяды ғой. Сондықтан біз соған ғана қызмет етеміз», – дейді С.Айтпаева.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста