Әке жолын жалғап, иығына жұлдыз таққан ару

Түркістан облысы бойынша тергеу саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, тіптен өткен жылы Қарағанды қаласына арнайы шақыртылып, ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың қолынан "Құқық қорғау қызметіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісін алған полицей ару Жұлдыз Юлдашбекқызы Журабаева біздің өңірдің мақтанышы!

Түркістан қаласында туған Жұлдыз, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын 2017 жылы бітіріп, Шымкент қаласы Абай аудандық полиция бөлімінде криминалист мамандығы бойынша жұмыс жасаған. 2018 жылы Түркістан қалалық полиция басқармасына тергеуші лауазымына ауысқан. Ал 2021 жылдың ақпан айынан бастап, Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасында тергеуші лауазымында.

-"Кез келген қылмысты ашып, күдіктіні анықтауда тергеушілерге артылған жүк ауыр. Кінәліні дөп басып тауып, істің ақ-қарасын ажырату үлкен мінезді, жүректі, жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан біздің затымыз әйел болғанымен, қылмыскерді тануда әлсіздікке жол жоқ!"-дейді полиция капитаны Жұлдыз.

Сондай-ақ кейіпкеріміздің дәл осы саланы таңдауына, әкесінің полицей болғаны әсер еткен. Өйткені Юлдашбек Журабаев полициядан зейнетке шығып, бүгінде бейнетін көріп отырған жан!

Осынау көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі "8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінен" Сіщді құттықтаймыз! Әрқашан жұлдызыңыз жанып, жарқырай беріңіз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста