Академик Мұфтах Диаров дүниеден өтті

Атырауда 88 жасқа қараған шағында ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұфтах Диарұлы Диаров дүниеден өтті, деп хабарлайды azh.kz. 

 
Мұфтах Диаров 1955 жылы тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ) тәмамдаған. 1955-1964 жылдары геологиялық партияның бастығы, Индер геологиялық барлау экспедициясының бас геологы, 1964-1978 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1978-1992 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясының Мұнай және табиғи тұздар химиясы институты директорының орынбасары, директоры, зертхана меңгерушісі, 1992-1997 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Батыс бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары, 1997 жылдан бастап «Атырау-Ғылым» АҚ вице-президенті болды. Каспий маңы ойпатындағы бор және бор-калий тұздарын іздеу және барлау мәселелерімен айналысты. Минералды тұздарды іздеу әдістемесін әзірледі. Сатимола, Индер бор-тұз кендерінің ірі кен орындарын ашуға қатысты.

Академик Диаров көптеген ғылыми еңбектердің авторы және қазақстандық геологтардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста