Ақтөбеге ұшып бара жатқан Air Astana ұшағы техникалық себептерге байланысты Алматы әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“KS 863 "Алматы-Ақтөбе" рейсін орындайтын ұшақ бүгін Алматыдан 05.30-да ұшып кеткен. Техникалық себептерге және келу әуежайында техникалық қызмет көрсетілмеуіне байланысты ұшақ командирі әуежайға қайта оралуға шешім қабылдаған”, – дейді әуежайдан.
Ұшақтың қонуы штаттық режимде өткен. Енді рейс 15.40-та ұшады деп жоспарлануда.