Аймақтарда «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті
Былтыр «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты «QAISAR» әскери-патриоттық жобасын іске қосқан еді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Мұндағы мақсат – жастардың патриоттық сезімін нығайтып, әскери қызметке деген қызығушылығын қалыптастыру.
15-25 сәуір аралығында еліміздегі 17 облыс пен 3 қалада «QAISAR» ойындарының іріктеу кезеңі өтті. Әскери-патриоттық ойындарда 2000-нан астам жас отандасымызды қамтитын 275 команда қатысты.
Әр аймақтан іріктеліп өткен командалар елордада өтетін финалда сайысқа түспек.
Финалистер өздерін қашықтыққа жүгіруден, кедергілер жолағынан өтуден және әскери-тарихи викторинаға қатысып, бақ сынайды.
Айта кетейік, былтыр ойынның нәтижесі бойынша, бірінші орынды Маңғыстау облысының командасы иеленді. Ал екінші орынды Қарағанды облысының оқушылары алса, үшінші орын Шығыс Қазақстан облысының командасына бұйырды.