Аймағамбетов "жұмыс берушіге диплом қажет емес" екенін айтты

Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов жұмысқа тұру үшін диплом қажет емес екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Orda News басылымына сілтеме жасап. 

"Қазақстандық университеттердің сапасы салыстырмалы түрде жақсарып келеді. Университеттердің барлығында білім жоқ деп топырақ шашуға болмайды. Шындығында, олай емес. Бізде бәсекеге қабілетті университеттер бар", - дейді Аймағамбетов.

 
Ол халықаралық QS рейтингін тілге тиек еткен. Оның айтуынша, соңғы екі-үш жылда осы рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 50 пайызға артқан.

"Біз академиялық еркіндік бердік және олар білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартты. "Атамекен" мен білім және ғылым министрлігі сауалнамалар жүргізді. Нәтижесінде студенттердің бұрынғыға қарағанда білім беру жүйесіне көңілі толатындығы байқалған. Биылғы жылдан бастап ЖОО-лар жеке үлгідегі диплом беріп жатыр. Бірақ жұмыс беруші “мен бұл университетті білмеймін, сенің дипломың қажет емес” деуі де мүмкін. Сондықтан төрт жыл білім алғаныңды ғана көрсететін құжат емес, сонымен қатар сен қажетті талаптарға сай екеніңді көрсететін сертификат та берілетін болады", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста