Әйелін соққыға жықпақ болған: Алматыда ер адам өзі реанимацияға түсті

Әйелін соққыға жықпақ болған: Алматыда ер адам өзі реанимацияға түсті

Алматы қаласы Түркісіб аудандық полиция басқармасының учаскелік полицейі күйеуінің үстінен сегіз рет арыз түсірмек болған әйелдің өтінішін қабылдаудан бас тартқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде хабарлап, зардап шеккен әйелдің адам шошырлық суреттерін жариялаған. Ал әйелі тұратын үйдің терезесін сындырған ер адам қатты жарақат алып, реанимацияға түскен.

«Арыстанғани Заппаров атты учаскелік полицей зардап шеккен әйелден сегіз рет арыз қабылдаса да, шара қолданбаған. Ол әйелге «сіздер заңды түрде ажыраспаған соң оны жазалай алмаймын» деген. Жазаланбаған соң ол әйелі тұрып жатқан үйдің есігін, терезесін сындырған. Үйіне кіріп, әйел өз ақшасынан несиесін төлеп отырған қымбат телефонды ұрлап кеткен. Бір рет терезеден кіремін деп, оның шіліне жараланып, қанжоса болған», - дейді сұмдық оқиғаны баяндаған Дина Таңсәрі.
Ал зардап шеккен әйелдің айтуынша, күйеуі оған үнемі қорқытатын хабарламалар жібереді екен. Яғни «әйелі мен омыраудағы баласын өлтіріп, артынша өзімді өлтіре саламын, солай жазадан құтыламын» деген мәтінде хабарлама жібереді.

«Өзі мен баласының өміріне қорыққан әйел анасының үйіне қашып кеткен. Бірақ күйеуі ол жерден де тауып алып, қорқытқан. Яғни бұл жерде бірнеше қылмыстық істің құрамы бар. Алматы қаласының прокуратурасынан учаскелік полицейдің әрекетсіздігіне қатысты шара қолданып, қоғам мен отбасына қауіп төндіріп отырған адамды қамауға алуды өтінеміз», - деген Дина Таңсәрі.
Ресми органдар тарапынан бұл іске қатысты әлі ресми жауап келген жоқ.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста