Аягөзде түн ортасында жарқырап жанатын ерекше көл табылды деп хабарлайды “Қазақстан” арнасы.
Су айдыны Балқаш пен Аягөздің арасында жатыр. Ерекше құбылыс жылдың бір ғана мезгілі – шілде айының ортасында болады екен.
Бұл көл неге түнде жарқырайды? Су түбіне фосфор шөгіндісі жиналып қалған ба, әлде, көл жалтырауық жәндіктердің әсерінен көк түске бояла ма?!
“Түнде жанатын себебі – көлде жарқырауық шаяндар бар”, – дейді су жағасындағылар. Ал бұл жәндіктер Тынық мұхитында мекендейтін болып шықты.
nur.kz