Адамжегіш Николай Жұмағалиев туралы жалған ақпар таратқан бойжеткен ұсталды

Алматы полициясы кісі өлтіруші-каннибал Николай Жұмағалиевтің психатриялық емханадан қашып кеткені жайлы жалған ақпарат таратқан азаматшаны анықтады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік желілерде Николай Жұмағалиевтің қашып кеткендігі жайлы ақпарат пайда болған соң, Криминалды полиция Басқармасы кешенді іздеу шарасын жүргізді. Соның нәтижесі бойынша жалған ақпараттың авторы анықталды. Ол Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш кентінің 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Қазіргі таңда 21 жастағы бойжеткеннен полиция бөлімшесінде жауап алынып жатыр. Ол бұл ақпаратты ойдан шығарғандығын мойындады. Оның не себептен мұндай әрекетке барғаны қасақана жалған ақпарат таратқандық дерегі бойынша (ҚР ҚК 274-ші бабының 2-ші тармағы) басталған сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.

Тәжірибеге сүйенсек, мұндай фактілер аз емес. Осыған байланысты, азаматтардың тағы да есіне салғымыз келеді. Қасақана жалған ақпарат таратқан адам тиісті заңнамада көрсетілгеніндей қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді Алматы қалалық Криминалды полиция Басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.
ҚазАқпарат 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста