«Абайдың еңбектері адамзаттың рухани азығына айналуға тиіс» - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барған сапарындағы алған әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Семейге жұмыс сапарымның аясында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» атты ескерткіштің ашылуына қатыстым. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени қорық-мұражайын аралап көрдім. Абай жылы ұлтымыздың рухани реформаторының мұрасын қайта зерделеуге керемет мүмкіндік берді» деп жазды ол Twitter парақшасында.
Сонымен қатар ол Абайдың сирек кітаптар қорының көрмесін аралап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көргенін, Абайтанушы ғалымдармен кездесуде ұлы ақынның шығармаларын зерттеп, таныту мәселелерін талқылағанын жазды. Ол әлемдік деңгейдегі ғұламаның еңбектері адамзаттың рухани азығына айналуға тиіс екенін атап өтті.