"8-наурызға сыйлық сұраған": Шымкентте ер адам жұбайын мереке үшін соққыға жыққан

Шымкентте жүкті әйел күйеуінен неге Халықаралық әйелдер күніне сыйлық бермейтінін сұраған. Жұбайы сыйлықтың орнына оны соққыға жығып, өз орнын білуін талап етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел жұбайынан ажырасқысы келеді, бірақ балалардың әкесіз өскенін қаламайтынын айтады.

Әсел есімді 30 жастағы тұрғын мереке қарсаңында ол күйеуіне ренжіп "неге маған сыйлық бермейсің?" деген. Күйеуі осы сөзі үшін “өз орныңды біл!”, “сен сыйлыққа лайық емессің” деп әйелді  ұрып-соққан. Сөйтсе ер адам 8 наурызды тойлауға үзілді-кесілді қарсы. 

"Биыл мен тұрмыс құрғаныма екі жыл болды. Екіншісіне жүктімін. Күйеуім мені мүлде құрметтемейді. Бірдеңе айтсам, ұрып, тепкілейді және балағат сөздермен қорлайды. Күн сайын бойдақ достарымен бірге жүреді. Үйге таңертең оралады, алдайды. Ол маған ешқашан сыйлық берген емес”, – дейді шымкенттік келіншек.

Ол, сондай-ақ, күйеуі оның телефонын сындырғанын айтты. Анасы берген алтын әшекейлерді ломбардқа тапсырған.

"Маған қымбат заттар қажет емес, жай ғана серуендеп қайтайық деген өтінішімді орындамады. Бітпейтін үй шаруасынан шаршадым...", – деп түсіндірді Шымкент қаласының тұрғыны.

Алайда полиция департаментіне мұндай арыз түскен-түспегені әлі белгісіз.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста