Синоптиктер Қазақстанда 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. бұл күні жаңбыр болып, жел күшейеді. Тұман, шаңды дауыл және найзағай болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Ал республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында Оңтүстік циклон ойпатының ықпалында болады. Онда фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Республикада жел күшейеді. Солтүстікте, батыста, орталықта тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай болады», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК
Ақмола облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда найзағай болуы мүмкін.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында жел күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Таулы аймақтарда найзағай ойнайды, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Атырау облысының шығысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында түнде көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с, түнде және таңертең оңтүстік-батыста тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз солтүстік және батыста желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстік-батысында түнде тұман күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте, Қарағанды облысының орталығында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 15-18 м/с жел соғады.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аймақтарында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда найзағай күтіледі.