6 миллиондық «Абыралы дерті» бой көтерді

6 миллиондық «Абыралы дерті» бой көтерді

Семей қаласына қарасты Абыралы өңірінің Қайнар ауылында полигон құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Биіктігі 15 метр монумент «Абыралы дерті» деп аталады.

Тарихи ескерткіштің авторы осы өңірдің тумасы, жас сәулетші – Асхат Бәкірұлы. Сәулетшінің айтуынша, монументті тұрғызуға 6 миллион теңге жұмсалған. Монументтің жобасын дайындауға жарты жылдай уақыт кеткен. Ақырында қордың 22 құрылтайшысы бірнеше нұсқаның ішінен осы жобаны таңдап алыпты.

Ескерткіш осыдан 60 жыл бұрын алғашқы сынақ өткізілген Дегелең тауы маңына орнатылды. Сол кездері 40 мың тұрғыны бар Абыралы ауданында қазір 6 мыңға жуық адам ғана қалған. Бұл маңда ядролық сынақ 470 рет өткізіліпті.

Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімі­нің бірінші орынбасары Серік Әбденов, Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабеков, сондай-ақ осы өңірден шыққан зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қатысты.

Монумент ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақ тұрғындарының денсаулығын сауықтыру мен экологиялық ахуалын қалпына келтіру мақсатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Туған жерге тағзым» атты үндеуі мен жергілікті халықтың сұрауы бойынша құрылған «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының қаржысына тұрғызылды.
Ескерткіш бой көтерген орында 1949 жылдың 29 тамызында алғашқы сынақ кезінде қайнарлық 42 жас азаматты дәл осы жерге лагерь құрып, сынақ қояны ретінде қалдырып кеткен. Бүгінде сол 42 азаматтың біреуінің ғана көзі тірі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста