500 мың тоннадан астам өнімді заңсыз әкелудің жолы кесілді - АШМ

500 мың тоннадан астам өнімді заңсыз әкелудің жолы кесілді - АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Ираннан, Түркиядан, Қытай Халық Республикасынан, Корея Республикасынан, Ресейден және Өзбекстаннан әкелінетін 500 мың тоннадан астам импорттық карантинге жатқызылған өнімді ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 18 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 31 фактісі әшкереленіп, жолы кесілді.

 

Атап айтқанда 14 жағдайда Ресей Федерациясынан 152,7 тонна жеміс-жидек пен сәбіз, Ираннан 45,2 тонна алма және Оңтүстік Кореядан 1 тонна жүгері ұнын импорттау кезінде фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды.

 

Сонымен бірге Ресей Федерациясынан 113 тонна ұн, жүгері, құрма, лимон, банан, көкөністер мен басқа да жемістер, Түркиядан 80,4 тонна кептірілген өрік пен Анар және Өзбекстаннан 123,3 тонна кептірілген жеміс импорты кезінде өнім қайталама тексеруге ұсынылмаудың 11 жағдайы белгілі болды.

 

3 жағдайда Ресей Федерациясынан 20 тонна кебек пен 30 текше м. кесілген ағаш материалдары мен Өзбекстаннан 5,4 тонна анар импорттаған кезде орамдарда таңбалау болмай шықты.

 

Бұған қоса Ресей Федерациясынан 40 тонна лимон импорты кезінде уәкілетті органның рұқсатынсыз жүру жолында өнімнің басқа мекен-жайға жіберілгені әшкере болды. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан 58 тонна асқабақ ядросының тұқымын әкелу кезінде карантиндік өнім жарамсыз фитосанитариялық сертификатпен әкелінген.

 

 ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға әкімшілік материалдар толтырылып, 1,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

 

Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер карантині саласында 320 бұзушылықты анықтап,  нәтижесінде 24 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста