500 мың мүгедекті есеп үшін есіркеп жүрміз бе?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Еліміздің тағдырдың жазуымен өздігінен жү­ріп-тұрудан айырылған аза­маттары үшін қоғамдық көлік­тер­мен жүру мүмкін емес. Адам құ­қығы сақталатын дамыған елдерде бұл мәселе әлдеқашан дұрыс жолға қойылған, арнайы сатысы бар авто­бус­тар­ға арбамен мініп түсу еш қиындық ту­дырмайды. Ал біздің жолдарда мүгедек түгіл, сау адамдар зордың кү­шімен сыятын Қытайдың шағын автобустары жүргенде бірдеңе талап етудің өзі қисынсыз сияқты. Жалпы, қоғамдық көлік қана емес, әлеуметтік ма­ңызы бар ғимараттарға кіру де мүм­кіндігі шектеулі жандар үшін шек­теу­лі.
Адам ауруды сұрап алмайды, ешкім де он екі мүшесі сау кезінде арбаға таңыламын-ау деп ой­ла­майды. Сондықтан ара-тұра болса да мүгедек жандардың басындағы қиындықтарға көз қырын салып қойған артықтық етпес. Қазақ­станда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 500 мыңнан асып жығылады екен, ал Қызылжар өңірінде 29 мыңнан астам мүгедек тұрып жатыр. Бұл аз адам емес. Ресми деректер олардың шамамен төрттен үш бөлігі жеңіл еңбекке жарамды, яғни өздігінен жүріп-тұра алатын кісілер екенін айтады. Қалған бөлігі  – арнайы арбамен ғана қозғалатындар. Міне, осы соңғы топтағы азаматтар ел қатарлы әртүрлі әлеу­мет­тік мекемелерге бару немесе қоғамдық кө­ліктерге міну мүмкіншілігінен айырылып отыр. Бұл олардың құқықтарын бұзу болып табылады.
«Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан об­лыстық филиалының «Жас Отан» жастар қана­ты­ның мүшелері бір ай бойы жүргізген рейдтік ша­ралар барысында Қызылжар қаласындағы әлеу­меттік нысандардың 85 пайызында мүге­дек­тер­ге арналған пандус жоқ, ал барларының өзі­мен кемтар жан түгіл, сау адам да көтеріле алмай­ты­нын анықтаған. Мәдениет ошақтары, сау­да-саттық орындары, емдеу мекемелері мен оқу ордаларының көбі мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ға қолжетімді емес екен. «Жас Отанның» же­тек­шісі Мұса Танақұловтың айтуынша, қоғамдық кө­ліктердің де мүгедектерге қолжетімділігін тексерген екен. Бір қалада мүгедек арбасымен мінуге болатын бір автобус жоқ болып шыққан.

Мұса ТАНАҚҰЛОВ, «Нұр Отан» ХДП СҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:
– Мониторинг жүргізгендегі мақса­ты­мыз жұрттың назарын мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына аудару еді. Шара барысында қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер, ауру­ха­налар, дүкен, супермаркеттер, дәрі­ха­налар және тағы да басқа нысан­дарды тексердік. Барлығы 800-ден ас­там нысан назарға алынды. Сол біз­дің назарымызға іліккен нысан­дар­дың 15 пайызындағы пандустардың ғана та­лаптарға сай екені белгілі болды. 25 па­йызындағы мүгедек арбаға арналған сатылар «есеп үшін» ғана істеле салған­дай. Ешбір талаптарға сай келмейді. Ал қалған 60 пайызында тіптен жоқ. Әсі­ресе дәріханаларда пандустардың бол­мауы қынжылтады. Сондай-ақ қо­ғам­дық көліктерде мүгедектер арба­сына арналған арнайы көтергіш-саты­лардың жағдайын тексеру мүмкін бол­мады. Себебі ол жоқ.
Талап бойынша, пандустар өте тік бол­мауы қажет, ал бұрылыстары 130 градус, ені 1 метрден кем болмауы қажет. Өкі­ніш­ке қа­рай, бұл талаптар өрескел бұзылған. Кей­бір мекемелердегі сатыдан мүгедек түгіл, сау адам тайып жығылады, себебі пан­дустың үстіне кафель жапсырылған екен. Пандусы бар нысандардағы пластик есіктердің енінің тарлығы да мүмкіндігі шек­теулі жандарға ішке кіруге кедергі кел­ті­реді. Ал ертеректе салынған көп қа­бат­ты үйлерде де пандус ескерілмеген.
Тиісті мекемелер талап еткен соң соңғы жылдары пандустар ақырындап салынып жатыр, енді солардың ыңғайлы болуын қа­да­ғалау қажет сияқты. Ал қоғамдық кө­ліктерді қолайлы ету жақын болашақта жүзеге асырыла қоймайтын шығар. Қы­зыл­жар ғана емес, еліміздің кез келген қа­ла­сында осы жағдай. Ауруханаға авто­буспен барып-келу әзірге мүмкін болмай тұр.
Теңдік СӘРСЕКЕЕВА, бірінші топтағы мүгедек:
– Мен бірінші топтағы мүгедекпін. Бала кезімнен сүйек ауруына шалдық­тым. Бүгінде өзім сияқты асырауында балалары бар мүгедек аналардың ба­сын қосып, «Асыл ана» қоғамдық ұйы­мын құрдым. Біреуі ауырып қалады, келесінің баласын оқуға түсіру керек және тағы да басқа мәселелер шыққан кезде оларға баруым керек. Автобус­тарға міну – мен үшін ең қиын іс. Жаутаң­дап кім көтеріп мінгізер екен деп жалы­нып тұрғаның.

Иә, бұл мәселе Теңдік Сәрсекееваның ғана емес, Қазақстанда тұрып жатқан қан­шама адамның бас ауруына айналды. Тек Солтүстік Қазақстан облысының өзінде мү­гедек арбасына таңылған жандар 1 мың­нан асып жығылады екен. Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма­сының ақпаратынша, Қызыл­жар қаласын­да өздігінен жүре алмай­тын 450 адам арба кезегіне тұрған. Қа­лалық мүгедектер қоға­мының төрайы­мы Валентина Заборовская­ның айтуын­ша, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік такси қызметінің көп көмегі тиюде.
Валентина ЗАБОРОВСКАЯ, қалалық мүгедектер қоғамының төрайымы:
– Бүгінде әкімдік шамасы келгенше мүгедектерге қолдау көрсетіп жатыр. Бес жыл бұрын «әлеуметтік такси» қыз­меті құрылды. Қарамағымыздағы 600 адамды үш көлік күні бойы қалаған жер­леріне апарып келеді. Облыс әкімі тағы да екі автокөлік сатып беруге уәде беріп отыр. Бізге бұдан артық қандай қамқорлық қажет.

Әрине, бұған да шүкір дейміз, деген­мен мұндай қызмет Қазақстанның кез кел­ген қаласында кездесе бермейді, ал аудан­дық, ауылдық жерлердің жайы айт­паса да түсінікті. Сондықтан жалпыға ортақ қоғамдық көліктерді арнайы сатылармен қамтамасыз ету қажет-ақ. Немесе жаңа ав­то­бустар сатып аларда мүгедек арбаға арналған орындардың бар-жоқтығына назар аудару керек. Ал әзірге көшеде есігі дұрыс ашылмайтын, ашылса жабылмай­тын, іші тар қытайлық шағын автобустар жүр­генде мүгедектер үшін қоғамдық көлікке міну арман болып қала бермек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста