5-қабаттан құлап, аман қалды

5-қабаттан құлап, аман қалды

Соңғы кездері көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кетіп жатқан кішкентай балалар жайлы жиі еститін болдық. Біреулерінің бас айналдырар биіктен құласа да, періштесі қағып, аман қалып жатқанына таңырқассамыз, енді біреулерінің өмірдің қызығына қанықпай жатып қайтыс болғанына налимыз. Дәрігерлердің айтуынша, осындай жағдайдың бәрінде де ата-ананың не баланы қараушы өзге адамдардың салғырттығы себеп болады екен. Оның үстіне, терезелердің соңғы сән үлгілері балалар үшін аса қауіпті. Ашылатын бөліктері үлкен әрі аласа. Тұтқалары да баланың қолы жететін тұста. Жай сызбасының шаршы метрінің өзін бәлен мың теңгемен бағалайтын сәулетшілер осыны ескермейді екен.

Тек қана Астана қалалық №2 балалар ауруханасының өзіне биылғы жылдың басынан бері терезеден құлап кеткен тоғыз бала жеткізіліпті. Оның алтауын ажалдан арашалап қалудың сәті түскен. Осы ауруханадағы Жарақат бөлімінің меңгерушісі Жарылғасын Бектасовтың айтуынша, былтыр жыл бойы он бала осындай оқыс жағдайда жарақат алып, әкелінген екен. «Биыл өзіңіз көріп отырсыз, жеті ай ғана өтті. Соның өзінде былтырғы көрсеткішке жетіп қалдық», – дейді Жарылғасын Қуанышбекұлы.

Күнделікті жаңалықтардан көріп жүргеніміздей, терезеден құлап кетіп жатқан балалардың көбі – мектеп жасына жете қоймағандар. Мұны біз әңгімеге тартқан травматолог-мамандар да растайды.
Астаналықтар жақында ғана тағы бір терезеден құлау оқиғасына куә болды. 5 жастағы ойын баласы терезенің сәкісіне шығып, сыртқа қарамақ болған. Сөйтіп, бесінші қабаттағы ашық тұрған терезеден құлап кетеді. Абырой болғанда, дер кезінде ауруханаға жеткізілген. Алғашқы күні дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Кешелі бері жақсарып қалғанын айтып жатыр.

Жарылғасын БЕКТАСОВ, №2 балалар ауруханасы Жарақат бөлімінің меңгерушісі:
– Қазіргі күнде ол баланың жағдайы орташа. Есін біліп жатыр. Тамағын ішеді. Дер кезінде жасалған емдеу шараларының, дәрігерлердің еңбегінің арқасында жағдайы жақсарып қалды. Жансақтау бөлімінен шығаруға әзірлеп жатырмыз. Медициналық зерттеулерден өтті. Нәтижесі жаман емес. Бесінші қабаттан құлау оңай ма? Жарақаты өте көп болды. Өкпесі соғылған. Кеудесіне қан жиылып қалған. Миы шайқалған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста